АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Оқушылармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибемде байқағаным ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін, оқушының жас ерекшелігіне, сабақтың тақырыбына сай қолдана білу өте тиімді. Егер мұғалім әр сабақта тиімді қолдана білсе сабақ мақсатына жете алады яғни нәтижелі болмақ. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына өз пәнімде ойын элементтерін жиі қолданып отырамын.
Бастапқыда қолданған ойынды сабақтың тақыры- бына, мақсатына негіздедім. Сабақ соңында рефлек- сияда ойын элементтерінің тиімді нәтиже көрсете бастағанын байқадым. Сонымен қатар әр сабақта бір ойынды қолдана беру оқушыны жалықтырп жіберетіндіктен түрлендіріп отыруды қолға алдым. Ол үшін сабақты жоспарлағанда іздене отырып белгілі бір ойын түрін таңдап аламын. Міндетті түрді ойынның мақсаты болу керек. Және де ойынға қажетті матрелиалдық база дайындап алу керек. Сөйтіп көрнекі құралдар да ретімен жинақтала бастайды. Атап айтсам доп, шарлар, түрлі түсті қағаздар, әртүрлі қуыршақтар, асықтар, қатырма қағаздар, үлестірмелі қағаздар т.б. Ең бастысы оқушылар түгел қатысып, пәнге деген қызығушылығы арта түседі.Өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Сондықтан ойын технологиясын жеткілікті деңгейде орындау, тиімді әдістермен ұйымдастыру, практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілдердің бірі болатындай жолдарын іздестіру. Ойын дегеніміз: Іс-әрекет; еркіндік; ұжым арқылы тәрбиелеу және білім беру; Баланың психикасын, ой-өрісін дамыту; Пәнді қызықтыра отырып үйрету. Мысалы биылғы бірінші сыныпта жаңаша бағдарлама мазмұнында Smiles 1 авторы Jenny Dooley- Virginia Evans оқулығымен алғаш рет жұмыс істеп жатырмыз. Критериалды бағалау түрлері қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау жүргізілуде. Дәл осы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруда ойынның маңызы зор. Оқушы жетістікке, жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін ойынға белсене қатысады. Белсенділік таныта отырып тиімді қолданған ойын арқылы сабақтың мақсатына жетіп тақырыпты меңгереді. Осы оқулықта бекітілген My Family, My School, My Room, My Pets, My Food, My music бөлімдеріне байланысты ойын түрлерін қолдануға болады . Қандай ойынды, сабақтың қай кезеңінде қолдануды алдын-ала жоспарлай отырып, нәтижелі мақсатқа жетуге болады. Оқушыларға қызықты болуы үшін Activity Book, Pupil’s Book ерекше безендіріліп, түрлі-түсті етіп берілген. Оқулық соңында сәйкестендіру тапсырмасында оқушы өзі тауып жапсыруы үшін жапсырмалар Stickers (наклейкалар) ұсынылған. Оқушылар бұл жапсырмалармен қызыға жұмыс істеуде. Сонымен қатар қалыптастырушы баға- лаудың бір түрі ретінде қолдануға болатын смайликтер де бар. Тек қана ойынмен шектелмей әр бөлімге арналған әндерді әуенімен орындау да оқушылар үшін ерекше қызықты, тақырыптағы жаңа сөздерді меңгеруге өте ыңғайлы деп айта аламын. Draw and say, Listen and colour, Find and draw lines6, Project time, Let’s play Bingo, Graftwork барлығы да оқушының жас ерекшелігіне, ойынға негізделген. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артуда.Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсен- ділігін арттыру. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет – қарымына, психологиялық
ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Көптеген әдебиеттерді оқып, интер- неттен іздеп, баспа – құралдарымен танысып, сабақ жоспарларымды зерттеу нәтижесінде ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім. Сонымен мынандай қорытындыға келдім. Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болатынын білдім. 1.Фонетикалық ойындар. Мақсаты: Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету. 2.Грамматикалық ойындар. Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша біл- ім, білік, дағдыларын бекіту. 3.Орфографиялық ойындар. Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру 4. Лексикалық ойындар. Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту. Мысалы, «Қимылдарды көрсету» ойынын қарас- тырайық. Ойыншылар ортағ шығып шеңбер құрып тұрады, ал ортадағы оқушыға «Sit down», «Stand up», «Dance, dance», «Jump, jump» деген бұйрықтарды айтады, ортадағы ойыншы орындайды. Барлық оқушы ат салысады және жаңа сөздерді оңай меңгеріп алады. «My body» тақырыбын өткенде оқушы тақтаға келеді, көзін байлап келесі оқушы «eyes, nose, ear, mouth» деп айтып тұрады, ал бірінші оқушы сурет салады. Соңында қандай сурет болып шыққанын көреді, оқушылар ойын арқылы дене мүшелерін қалай атауды жаттап алады. Тағы бір жиі қолданатын ойыным «Poliglot». Оқушыларға доп лақтырып тұрамын да өткен сабақта үйренген заттардың атын қазақ тілінде айтамын ал допты ұстаған оқушы үш тілде айтады. Бұл ойынға да оқушылар қызыға қатысады. «Балапан» бағдарламасының бірі «ABC English» тан үйрндім деп жаңа сөздерді жарыса айтып жатады. Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шебер- ліктерінің жан жақты дамуына, қалыптасуына, тіл- дік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар бел- сенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы барысында оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет.
ОХАН Ақтоты Закерияқызы,
Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Астана қаласы.