Табиғат аясында оқыған кітабымен таныстырды
Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Көкбастау ауылы Амангелді атындағы орта мектебінде 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасын қолдаудағы және отбасылық оқу дәстүрлерін сақтаудағы кітапханашы құзыретінің рөлі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар көңілді серпілткен Ұлттық бимен ашылды. Семинардың ашылуында сөз алған Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Гүлзира Ибрагимова: «Мектеп кітапханасы жасөспірімдерді рухани дамытуда зор маңызға ие. Кітапхана ісі оқушылармен тығыз байланысты. Аудан кітапханалары 2021 жылдан бастап 189 миллион теңгеге тек көркем әдеби кітаппен толықтырылды. Мектептердің кітаптың мол қорымен қамтылуы сіздерге үлкен міндет жүктейді. «Балалар кітапханасы» аясында жаңа әдеби көркем кітап қорымен таныстырып отырудағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Бағдарлама аясындағы жұмыс жалғасын табады»,- дей отырып, Ұлттық кітап күніне ізгі тілегін жеткізді. Амангелді атындағы мектептің директоры Ералиева Назым Есалықызы сөз алып, аудан мектептерінің кітапханашыларын Ұлттық кітап күнімен құттықтап, білім айдынында кітапханашылардың қосып жүрген үлесінің мол екенін айтып, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізілген семинар жұмысына сәттілік тіледі. Мектеп психологі А.Малғараева «Отбасы құндылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингте ата-ананың балаға мейіріміне, әрбір адам есімінің жапон тілінде оқылуына арналса, оқылған өлеңнің авторын табу да қызықты өткізілді. «Мінезі ұқсастардың орын ауыстыруы» ойыны да семинар қатысушыларын серпілтіп тастады. Ал негізгі бөлімде Амангелді атындағы мектебінің кітапханашысы Б.Мейірханова «Кітапханашының отбасылық құндылықтарды сақтаудағы заманауи рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Қ.Абдраманованың «Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» коучингі қатысушылардың үш топқа бөлініп, сұраққа ғылыми тұжырымдармен, белсенді жауабымен әсерлі болды. Тарих пәнінің мұғалімі М.Айтимованың «Отбасындағы ең құнды қазына кітап па, әлде интернет пе?» тақырыбындағы оқушылардың пікір-таласымен тартымды болды. Үшінші «Тәрбие – құндылықтар алаңы» бөлімі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.Байдаралинованың шәкірттері және кимешек киген ұстаздардың қатысуымен «Бала Абайдың оқудан қайтуы» сахналық қойылымымен өріс алды. Шалғайда оқып жүрген бала Абай ауылына келіп алдымен анасына қарай бет алғанда дана қазақ анасының алдымен әкеңе, әжеңе сәлем бер деп бағытын нұсқауында қазақ аналарының дана кейпі керемет айшықталды. Бастауыш сынып жетекшісі Г.Тәйтиева «Мен және менің отбасым қандай кітап оқиды?» тақырыбымен ертегілер әлеміне саяхат ұйымдастырып, QR-код арқылы балалар ертегіні таңдап, кимешек киген әжелер балалар таңдаған ертегілері нақышына келтіріп баяндады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.Байдаралинова табиғат аясында «Мен табиғат аясында кітап оқимын» оқу сағатын өткізді. Мектеп кітапханашысы Б.Мейірханова Ұлттық кітап күніне орай «Кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. Акцияға аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзира Ибрагимова бастаған бір топ кітапханашылар мектеп кітапханасына кітап сыйлады. Тәжірибелік семинарды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Қалмахановна семинар жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылуна атсалысқан мектеп ұжымына алғысын білдірді. Соңынан семинар жұмысына үлес қосқандар түгелдей дерлік білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.