«MEDSKILLS ZHAMBYL — 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты
Жамбыл облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыруымен «MEDSKILLS ZHAMBYL - 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби ұтқырлығын арттыру мақсатында өткен чемпионат болашақ мейіргерлердің іскерлігін таразылады. Чемпионат мейіргер ісі мамандарын кәсіби даярлауда халықаралық ынтымақтастық тәжірибесін пайдалануға, "Мейіргер ісі" мамандығының беделін арттыруға бағытталды. Үміткерлердің білімі мен тәжірибесін ұштастырудағы қабілеттері сараланды.
Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі Жамбыл облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» басшысы Сапарғали Айбар Мэлсұлының, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысының міндетін атқарушы С.С.Назарбектің кіріспе сөзімен басталды.
1-ші «Таныстыру» кезеңі шығармашылық әлеуетті бағалауға арналды.Үй тапсырмасы «Жанға шипа, жүрекке жылу сыйлайтын мейіргер» тақырыбында белең алды. Бұл кезеңде чемпионатқа қатысушының болашақ мамандыққа деген көзқарасын, «Мейірімділік» ұғымын түсінуін, өзін-өзі қалыптастыру және қарым-қатынас жасауды, өзіндік ерекшелігін, сөйлеу мәдениетін, рәсімдеудің бірегейлігін, өзін-өзі таныстырудағы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруда кәсіби этика, мәдениет құндылықтарына сәйкестігін және регламенттің сақталуын көрсетуі тиіс болды. Әрбір қатысушы бейнеролик арқылы өзін таныстырды. 2-ші «Тәжірибелік дағдыларды бағалау» кезеңінде»Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша чемпионатқа қатысушылардың білімін тексеру практикалық жұмыстың орындалуын бағалау тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асырылды.
Чемпионат тапсырмалары «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша республикалық мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде әзірленген орта буын мамандарын даярлау бағдарламаларына сәйкес жасалды. Жұмыс тобындағы «Медициналық және әлеуметтік күтім» кәсіби модулі саласындағы сарапшылар, мамандар пациенттің проблемаларын мейіргерлік күтім арқылы шешуді талапқа сай сараптап отырды. Чемпионат тапсырмасы бірнеше жеке модульдерден тұрды, олар бір — медициналық және әлеуметтік күтім аймағында өткізілді. Чемпионат тапсырмалары үш бөлек модульден тұрды, олар медициналық және әлеуметтік күтім салалары бойынша жүргізілді.
В және С модульдері 30 баллға сәйкес келеді, А модулі-40 балл: II кезең «Медициналық және әлеуметтік күтім» деп аталды. Бұл тапсырма бойынша мейіргерлік күтім арқылы пациенттің мәселелерін шешуге арналды. Cитуациялық есептерді шешу. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша Worldskills стандарттарына сәйкес: 1- аймақ. «Медициналық ұйым (стационар) жағдайында дәлелді мейіргерлік күтімді жүзеге асыру» модулінде қазақ және орыс тілдерінде білімі мен тәжірибесін ұштастрып көрсетті. . 2-аймақ . Күндізгі стационардағы күтім жасауда ағылшын тілінде тапсырмалар орындалады. № 3 аймақ -үй жағдайында күтім жасау — дәлелді мейіргерлік күтім орыс тілінде тапсырмалар орындаумен көрініс тапты. Әрбір аймақта қатысушы тиісті жағдайда пациенттердің қажеттіліктерін имитациялауға негізделген тапсырмаларды орындады.
Байқауға «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма» басшысының орынбасары Мусабаев Ерик Тиллабекович, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ басшысы Сапарғали Айбар Мэлсұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы» Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс бас мейіргері ісі маманы және Мейіргер ісі бойынша үйлестіруші Бокушева Ляйля Туребаевна қатысып отырды.
Қорытындысында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері Марат Адема Ерланқызы -1 орын жүлдесімен ал Сатылған Аружан Даниярқызы-2 орын жүлдесімен марапатталды. «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттері Абдирахман Назерке Махатқызы — 3 орын жеңімпазы атанды. Сондай-ақ “Тараз-Болашақ” жоғары медициналық колледжінен Рыскельді Жанел Айболқызы-“Шебер мейіргер” номинациясымен, “ALEM” кәсіби білім беру колледжінен Турганбай Ақмаржан Мауленбекқызы-“Үздік күтім мейіргері” номинациясымен марапатталды.
«MEDSKILLS ZHAMBYL — 2025» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының бірнші орын жеңімпазы 2025 жылдың қыркүйек, қазан айында Талдықорған қаласында, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өтетін Республикалық чемпионатқа жолдаманы жеңіп алды.
Мейрманова Ляззат Касеналиевна,
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің
оқу-әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.