Құқықтық білім беруде беделі биік педагог

Қоғамдағы әділеттіліктің салтанат құруына ықпал ету туралы арманы Диана Сабитовна үшін сонау мектеп қабырғасының жоғары сыныбынан басталған еді. Ол мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушы кезінен-ақ заң негіздері бойынша қылмыстық істің қыр-сырына түсірілген фильмдерді көруге қызығушылығы аса жоғары болды. Құқық негіздері пәнін сол мектеп қабырғасында жүргенде ерекше ықыласпен оқыды. Мектепті бітірген соң Кошенова Диана Сабитовна Қазақстандағы ең абыройлы, тамыры тереңнен бастау алған Алматы қаласындағы әйгілі жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түсті.

0

 Өзі армандаған мамандыққа деген сүйіспеншілігі ерекше еді. Диана Сәбитовна үшін студенттік жылдар мамандығына қажетті білімді терең игеру мақсатынан тұрды. Әрбір уақытын тиімді пайдаланып, құқық баптары бойынша тереңдеп білім алуға тырысты. Құқықтық білімді игеруге деген қызығушылығы Диана Сәбитқызын оқуға, терең ізденуге деген құштарлығын оятты. Ол университеттегі оқытушыларынан қосымша кеңес алуға арланбады. Орынсыз ұяңдықты ол өз нәсібіңнен айырылу деп ұқты. Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының «Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деген өлең жолдарындағы білімді жас кезіңде игер, кейін уақытыңды бос өткізгеніңе өкініп қалма дегенін бір сәтке де ұмытқан емес. Диана Сабитовнаның жүрегі нәзік болғанымен адамдарды әділетсіздіктен арашалап алуға келгенде жігері, күш-қайраты мол. Оның өзі қалаған мамандыққа деген сүйіпеншілігі заң саласы бойынша докторантураға оқуына түрткі болды. Доктарнатурада оқып жүріп Қазақстандағы  жас ғалымдар кеңесінің құрамында түрлі тақырыпта зерттеулерін жүргізді. Қазақстанда ғылымның дамуына өз үлесін қосып жүрген табысты жас ғалымның еңбегі көпшілікті сүйсінтті. Ол 2018 жылдан бастап ғылым жолында мол ізденістерімен танылды.

Диссертация қорғау кезінде «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің криминалогиялық және процессуалдық ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы маңыздылығымен назарын аудартты. Кәмелетке толмағандардың қылмысы маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Жылдар бойы еңбектенудің нәтижесінде Е.Т.Алимкулов, М.Е.Акболатова, Д.С.Кошенованың білесе жазған «Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау барысында жеке басының ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері бойынша жинақ кітапқа енді. Онда  кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа қылмысқа әкеп соқтыратын себептері, ниеттерінің пайда болу мәселесі және кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктері жан-жақты зерттеліп қарастырылған.  Ал, тақырыпты ашу барысында криминология, қылмыстық құқық, педагогика және психология саласындағы ережелерге сүйенгені байқалады. «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша анықталған мән-жайлар» тақырыбында университеттегі қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Е.Т.Алимкулов, Е.Т.Нурганбет және Д.С.Кошенованың  бірлескен зерттеу еңбегінде кәмелетке толмағандардың қылмыстарын зерттеу барысында анықталған мән-жайлар қарастырылады. Е.Т.Алимкулов және Д.С.Көшенова «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша мотивация себептері» тақырыбы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларының және оның тиімділігі, криминология, қылмыстық құқық,  қылмыстық атқару құқығы, педагогика және психология саласындағы ережелерге негізделген. Университетте 2022 жылы «Қазіргі уақыттағы криминалдық қауіптер және жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің антикриминалдық қауіпсіздігінің бағыттары» тақырыбында өткен  халықаралық ғылыми конференцияда «Кәмелетке толмаған қылмыскердің ерекшеліктері және олар жасаған қылмыстарды алдын алу мәселелері» тақырыбындағы зерттеу мақаласы университеттегі қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты  Е.Т. Алимкуловпен бірлесе жазған ғылыми еңбегі кітап болып баспадан жарық көрді. 2023 жылы Университетте өткен «Сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың тұжырымдамалық бағыттары: Республикалық және халықаралық құқықтық тәжірибе» атты жыл сайынғы Халиков оқуларында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда ғылыми еңбегі жинақ кітапқа енді.

Диана Кошенова «Германия мен Еуропалық Одақтың азаматтық, азаматтық іс жүргізу және жария құқық негіздері» жазғы заң академиясын – 2019 жылғы 1-12 шілде аралығында Висмар Жоғары мектебінде оқытылатын халықаралық бағдарламаны сәтті аяқтады.  2020 жылы Диана Кошенова 72 сағаттық  семинар-тренингінен біліктілігін арттырып, «Сот сараптамасы дәлелдеу құралы ретінде» тақырыбы бойынша университет ректоры М.Буркитбаевтың сертификатына ие болды. Біліктілік тәжірибесін дамыту барысындағы тың ізденістері оны биік мақсатқа жетеледі. Кошенова Диана, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Джон Джей атындағы қылмыстық сот төрелігі колледжінде (Нью-Йорк, АҚШ) шетелдік тағылымдамадан өтіп, куәлікке ие болды.  Диана Сабитқызының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты, кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты және жануарларға қатыгездікті зерттеу және алдын алу саласындағы халықаралық қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминологияның өзекті мәселелері» заң бағдарламасына қабылданғаны және қатысқаны расталып, тағылымдаманы сәтті аяқтаған. Бұл бағдарламаның ауқымы кең және  келесі мақсаттарды қамтыды:  Қылмыстық іс жүргізудегі, оның ішінде тінту мен тәркілеудегі мәселелерді анықтау және түсіну (мысалы: ықтимал себебі, ордер беру туралы талап және оны алып тастау, қамауға алу, тоқтату, тінту және алып тастау) ережелері; полициядан жауап алу, адвокаттық қызмет көрсету құқығы, өзін — өзі айыптауға қарсы артықшылықтар, кепілге босату, табу және алқабилердің сот талқылауы;  Құқықтық мәселелерді анықтап, мүсін мен сот практикасына қатысты қорытындыларды қорғау — Нью-Йорктің қылмыстық  іс жүргізу құқығы және заң шығарушы органның қылмыстық іс жүргізудің маңызды мәселелерін қалай шешуге ұмтылатыны сияқты мүсіндерді пайдалануды үйрену;  Федерализм принциптері айырмашылықтарға қалай әкелетінін анықтау бойынша Нью-Йоркте 2022 жылы 30 қыркүйекте берілген куәлікте білімін, біліктілігін жетілдіргені расталған. Шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, зерттеу мақалаларын жариялаған  Халықаралық «Құқық Бұзушылар Терапиясы» және «Салыстырмалы Криминология» журналдарында  «Ерлер мен әйелдердің үлгісіндегі жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары мен қауіпті жыныстық мінез-құлық арасындағы бойлық байланысты зерттеу» тақырыбы бойынша және « Қылмыстық сот төрелігі»  журналында «Ата-аналардың қылмыстылығы қылмыстық сот төрелігі жүйесі арқылы жүзеге асырылатын заңсыз және біржақты фактор ретінде» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстары жарық көрді.

Кошенова Диана Сабитовна Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін студенттерді оқыта жүріп, нормативтік құқықтық актілер жобаларына атсалысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жобасының үйлестірушісі болды. 2022 жылы Заң факультетінің деканы заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л.Байдильдиновтың алғыс хатына ие болды. Алғыс хатта жас мамандарды халықаралық деңгейде даярлауда академиялық деңгейі мен ғылыми әлеуетін көрсетіп, сәтті нәтижеге қол жеткізудегі еңбекқорлық пен табандылық танытқаны үшін берілгені атап көрсетілген. Сондай-ақ университет деканы 2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын тапсыру барысында Д.С.Кошенованы Алғыс хатпен марапаттайды. Онда терең және жан-жақты дайындықпен, академиялық деңгейі мен ғылыми әлеуетін көрсетіп, мақсатқа жетудегі еңбекқорлығы мен табандылығына алғыс білдіре отырып, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудағы адал қызметіне сенім білдіреді.

Диана Сабитовна жас та болса ұжымына өзінің жан-жақты ізденісімен абыройлы, сыйлы бола білді. Оның қазақстандық және шетелдік ғалымдармен бірлесе жүріп жазған ғылыми еңбектері құқық саласы бойынша студенттер үшін аса маңызды. Әділетті қоғам құрудағы заң факультетінің студенттеріне берер білімі, сіңірген тағылымы орасан.

Ғалиябану Үсенова, журналист.

№28 Білім өркениеті журналын осы жерден көре аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.