Отбасы – бірлік пен жеңістің мекені!
Тараз қаласындағы №47 орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балдәурен» жазғы лагерінде Тараз қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Отбасылық старт» спорттық сайысы жоғары деңгейде өтті.
Аталған спорттық шара 2026 жылы 22 саусым күні ұйымдастырылды. Сайыс барысында ата-аналар мен балалар жоғары белсенділікпен түрлі спорттық эстафеталарға қатысып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс алаңын көтеріңкі көңіл-күй, қуанышты сәттер мен жанкүйерлердің қолдауы ерекше әсерге бөледі.
Бұл шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Әр отбасы жеңіске деген жігерін танытып, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бас жүлдені жеңімпаз отбасы «Бәйтерек» тобы жеңіп алды, топ тәрбиешілері Тоқсабаева Таңшолпан, Ақынбай Гауһардың бұл орайда еңбектері мол. Басқа топтар түрлі номинацияларға ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасылық старт» – жеңіс үшін ғана емес, жүректерді жақындастырып, ұмытылмас естеліктер сыйлаған мереке болды!
Кушбаева Сая Кабылтаевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.