Мамандығымен мерейлі, көпшілдігімен көрікті жігіт

«Ортаға біліміңмен емес мінезіңмен сыясың» деген екен ұлы ойшыл Абай атамыз. Иә, ол қандай мінез? Көппен тіл табыса білу, адамгершілік, адалдық, кең пейілділік, жомарттық, сабырлық. Сабырлы адам өз ақылын басқару қабілетіне ие. Міне менің мақалама арқау болған ұстаз, облысқа танымал білікті, жаңашыл педагог Жаманқұл Азат Миятұлы білімімен талай біліктілік бәсекесінде топ жарған, ұжымында үлкенге құрметімен, кішіге ізетімен жағымды дара болмысты тұлға.

0

Жаманқұл Азат Миятұлы 1995 жылы 30 қаңтар күні Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келді. Үйінің тұңғышы, екі інісі бір қарындасы бар. Бүгінгі қоғамның талабына сәйкес маман иесі болуды мақсат еткен ол әр уақытын дамуға, білімін жетілдіруге арнады.

Оның балалық шағы Жамбыл ауданының Аса ауылында өтті.  2002 жылы Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің 1-сыныбына барды. 2013 жылы осы аталған мектепті үздік аттестатқа бітіріп, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетіне «Құрылыс» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2017 жылы «Үздік түлек» төсбелгісін иеленіп, қызыл дипломға бітіреді. Оқып жүрген кезде Президент стипендиясының иегері болды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің  «Гидротехникалық құрылыс және ғимарат» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, үздік бітіреді. Қазіргі уақытта «Гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігін болжау әдістері» атты шығармашылық тақырыбында жұмыс істеуде. Сонау мектеп қабырғасынан бастау алған спортқа деген қызығушылығын жоғалтқан емес. Самбо және дзюдо күресінен республикалық бірнеше жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер.

Жаманқұл Азат Миятұлы – 2020 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл индустриалды технологиялық колледжінде арнайы пән оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Техника ғылымдарының магистрі. Ол өз мамандығы бойынша бірнеше білім және тәжірибелік сынақтарға қатысып, үлкен жетістіктерге ие болды. 2024 және 2025 екі жыл қатарынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған халықаралық олимпиадан 1 орын дипломымен марапатталды. Облыстық «Үздік педагог-2025» конкурсының жеңімпазы атанды. «WorldSkills Jambyl-2023» облыстық чемпионатта  шәкірті І орын иеленіп, республикалық чемпионатқа жолдама алды. 2023 жылы «Қазақстан ауылдарының үздік жастары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. «Педагогикалық идеялар понарамасы» облыстық байқауының 3 орын иегері. «Жас дарын-2023» аудандық жастар сыйлығы «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. «Үздік педагог-2023» облыстық байқауында «Ізденімпаз педагог»  номинациясын иеленді. Техникалық және кәсіптік білім мекемелері педагогтерінің облыстық байқауында «Үздік жетекші» номинациясына ие болды. 2022 жылы –  облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен оқу-жұмыс бағдарламаларын  оқу үрдісіне енгізу мәселелері бойынша облыстық оқу-әдістемелік семинарда өз тәжірибесімен бөлісті. 2021 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауында алғыс хат иеленді. ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Тəуелсіз елдің ұстазы — 2021» республикалық байқауында дипломмен марапатталды.  Халықаралық «ТМД жас ғалымдары-2020» байқауының жеңімпазы. 2019 жылы Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері ретінде, ғылым және білім саласында жеткен толағай  табыстары үшін  Ғани Мұратбаев төс белгісімен, алғыс хатпен және де арнайы естелік сыйлықпен марапатталды. 2024 жылы  «Облыстың білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері және Облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2025 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасының иегері болды. 2023 жылы Жамбыл облыстық жастар басқармасы басшысынының алғыс хатын, Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы басшысының алғыс хатын, «Мен кәсіпкермін» республикалық гранд турнирінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің грамотасын иеленді. 2022 жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. «Дәнекерленген құрылымдар негіздері»  авторлық жобаның, оқу құралының авторы.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады» деп Абай Құнанбаев айтқандай білім алушыларының біліммен қатар тәрбие сіңіруін басты мұрат етіп алғанда ғана алған білім нәтиже береді. Мұны да ұстаз күнделікті сабағында тиімді енгізіп отырады.

 

М. Ғабдуллин өз кезінде:  «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген екен. Азат Миятұлы өзінің әр қылығын, тіпті жүріп тұруында да балаларға әсер ететін жақсы қасиет болуына жіті ден қояды. Шәкірттерін білімді түбегейлі меңгеріп, ерінбей ізденуге бағдар беріп отырудан жалықпайды. Әрбір шәкіртінің білім игерудегі құлшынысына себепші болу үшін, сабақты түрлендіріп, қызықтырып, өмірмен байланыстырып өтеді. Бұл оның күнделікті сабағына енген бұлжымайтын қағида. Жаңа жылдың қарсаңында Азат Миятұлы облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің қолынан «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Азат Миятұлына жаңа үмітке бастау болған марапатыңыз құтты болсын дейміз.

 

Ғалиябану Үсенова

Leave A Reply

Your email address will not be published.