БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ
Мектептің даму бағдарламасының талдауы – бұл, мектептің білім беру сапасын, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, мектептің жалпы білім беру қызметін дамыту мен жетілдіру үшін маңызды процесс деп ойлаймын.
Мектептің даму бағдарламасының талдауы арқылы білім беруді дамыту мен жетілдіру мақсатында мектептің білім беру сапасын арттыруға қажетті жақсартулар мен өзгерістер анықталады, мектептің стратегиялық мақсаттарын айқындауға және оларды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді анықтауға пайдаланылады, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қандай өзгерістер қажет екенін анықтауға болады, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қажетті жұмыстарды жоспарлауға негіз болады, ата-аналар мен қоғамдастықтың мүдделі тараптарының мектеп өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді, мектептің басқа мектептермен бәсекеге қабілеттілігіне байланысты бағытталған жұмыстар анықталып, жүзеге асырылатын болады.
Мектептің даму бағдарламасын талдау – бағдарламаның тиімділігін арттыруға, білім беру сапасын жетілдіруге, мектептің барлық аспектілерін дамытуға ықпал етеді. Мектептің даму бағдарламасын талдау барысында мектептің даму бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ағымдағы ахуал талданып, мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалаудан кейін анықталғанына бағамдау жасадым. Мектептің даму бағдарламасында ағымдағы ахуалды талдау қорытындысының нәтижесінде:
– кадрлық ресурстар;
– материалдық-техникалық ресурстар;
– ақпараттық ресурстар;
– білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттар;
– білім беру мазмұнын іске асыру;
– білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін даму шарттары;
– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі іске асыру шарттары;
– білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру шарттары бөлімдері бойынша сыртқы және ішкі даму перспективалары бағаланады. Ендеше, мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларының бағалауы бойынша мектепті дамытудың стратегиялық басымдықтары анықталды.
Мектептің даму бағдарласындағы «Кадрлық ресурс» бойынша мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларының бағалауындағы «Әлсіз жақтарын» бөлімінде «Мұғалімдердің сабақты зерттеу, іс-әрекеттегі зерттеу әдістерін қолдануы, сабақтарды бірлесіп жоспарлау мен модерациялауды жүзеге асыру сапасының төмен болуы» деп көрсетілген, ендеше бұл бағалау педагогтердің зерттеу мәдениетін дамытуды, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді қажет етеді. Бұдан шығатын қорытынды, стратегиялық басымдыққа «Мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру»-ды алудың негізі осы деп тұжырымдаймын.
«Мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру» стратегиялық басымдығының мақсаты – заманауи оқыту әдістерін енгізу, білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім деңгейін көтеру болып табылады. Мұғалімдер кәсіби даму арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеріп, оқыту әдістерін жетілдіреді, нәтижесінде оқушыларға жоғары сапалы білім беру мүмкіндігі артады, сонымен қатар жаңа технологиялар мен цифрлық құралдарды тиімді қолдануға үйренеді. Үздіксіз кәсіби даму мұғалімдердің өз кәсібіне деген қызығушылығын арттырып, олардың жұмысқа деген мотивациясын күшейтеді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыру жұмыстары мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз етуге, олардың оқыту сапасын жақсартуға, жалпы мектептің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.
Мектептің даму бағдарласындағы мұғалімдердің заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы білім беру процесіне SAMR моделін енгізу керек. Яғни, стратегиялық басымдыққа «Мұғалімдердің заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту»-ды алудың негізі осы деп ойлаймын.
SAMR моделі – мұғалімдердің заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіру мен дамытудағы маңызды құралы болып табылады:
– қағаз түріндегі материалдар мен құжаттардың барлығы комптютерде жазу арқылы ауыстырылады;
– мәтіндік құжаттар цифрлық құралдар арқылы өңделеді;
– мектеп әкімшілігі, әдістемелік пәндер бірлестіктерінің мұғалімдері, әр түрлі пәндер мұғалімдері бірлескен жоба жұмыстарын онлайн платформалар (мысалы, padlet.com, googl.com т.б.) арқылы орындайды;
– білім беру процесіне ақпараттық технологиялар арқылы жаңа оқу тәсілдері енгізіледі.
Мектептің даму бағдарламасының даму басымдықтарына өзгерістер енгізу үшін мектептің сыртқы ортасының факторларына PEST-талдау жасау маңызды. PEST-талдау мектептің сыртқы факторларын бағалап, даму бағдарламасының тиімділігін арттыру үшін даму басымдықтарына қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізуіме мүмкіндік берді. Стратегиялық құрал PEST-талдау арқылы болашақтағы қолайлы мүмкіндіктер мен кездесетін қауіп-қатерлерді анықталады.
PEST-талдау
Саяси факторлар
+
– «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндама жобасы;
– «Жайла мектеп» ұлттық жобасы;
– Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
– Мектептегі қауіпсіздік шараларының күшейтілуі;
– Мектепке қатысты нормативті актілердің өзгеруі.
–
– Білім беру процесіне мектепішілік бақылаудың сапалы жүргізілмеуі;
– Даму бағдарламасының жүйелі талданбауы, нормативті-құқықтық талаптар мен әдістемелік ұсынымдарға сай болмауы;
– Көшбасшылықтың тиімді моделін қалай енгізу керектігі туралы жеткілікті білімнің болмауы.
Экономикалық факторлар
+
– Соңғы жылдардағы мұғалімдер жалақысының өсуі;
– Жан басына шаққандағы қаржыландырудың енгізілуі;
– Қаржы нарығында педагогтерге сұраныстың артуы;
– Мектептердің күрделі жөндеуден өтуі және жаңа мектептердің салынуы.
–
– Мұғалімдердің кәсіби жұмыстармен айналысуда қаржыны жоғары қоюы;
– Мектеп басшыларының қаржылық сауаттылығының төмендігі.
Әлеуметтік факторлар
+
– Мектепке қарасты микроаудандағы халық санының артуы;
– Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайының жақсаруы;
– Қосымша білім беру ұйымдары мен спорттық мектептер санының артуы.
–
– Буллингтің көбеюі;
– Мектеп пен ата-аналар және мүдделі тараптармен байланыстың төмендеуі;
– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың өсуі.
– Білім беру ұйымдарында адалдыққа жеткілікті мән берілмеуі.
Технологиялық факторлар
+
– Білім беруді цифрландыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуі, цифрлық зертханалар мен робототехника кабинеттерінің ашылуы;
– Білімін жетілдіру курстары мазмұнының жақсаруы;
– Білім саласына жаңартылған әдістемелер мен технологиялардың, жобалардың енгізілуі.
–
– Желінің жоқтығынан интернет жылдамдығының төмен болуы;
– Білім беру процесіне SAMR, TPACK модельдерінің енгізілмеуі;
– Зерттеу мәдениеті дамуының төмендігі.
PEST – талдаудағы «Әлеуметтік факторлар» бойынша «Білім беру ұйымдарында адалдыққа жеткілікті мән берілмеуі» деп берілген мәселесін шешу үшін мектептің даму басымдығына «Педагогтер мен оқушылардың академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру» деген стратегиялық мақсат қойылады.
Мектепте академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мен қолдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде:
– кездесетін қауіп-қатердің бірі – мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар арасында сенімсіздік пен күмәнділік болмайды, өзара сенім мен құрмет қалыптасады;
– оқушылардың тең мүмкіндіктер деңгейінде білім алуы қамтамасыз етіледі, әр оқушының еңбегінің нәтижесі лайықты бағаланады;
– білім алушылардың жауапты әрі адал тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді, шынай білім алу мен дамуға мүмкіндік береді;
– болашақта оқушылардың қоғамда жауапкершілікті және адал болуына ықпал етеді.
Педагогтер мен оқушылардың академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру – стратегиялық мақсат болып табылады, сондай-ақ оқушылардың тең мүмкіндіктер деңгейінде білім алуы қамтамасыз етіледі, қағидалар мен стандарттарды сақталады, мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналармен қарым-қатынас ашық болады.
Педагогтер, оқушылар және ата-аналармен академиялық адалдықтың маңыздылығын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, семинарлар мен тренингтер өткізіледі, онлайн платформалары арқылы академиялық адалдық туралы ақпараттар таратылады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер көшбасшы ретінде академиялық адалдықты насихаттауда белсенді рөл атқарады. Мұғалімдер өздерінің академиялық адалдығын көрсету арқылы оқушыларға үлгі бола алады.
Жоғарыдағы аталған іс-шаралар мектепте академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі және болашақ көшбасшыларды адалдыққа тәрбиелейді.
Мектептің дамуын басқару үшін:
– мектептің дамуын басқару бойынша команда құрамын, команда мүшелерінің атқаратын қызметтері белгіленеді;
– педагогтер мен оқушылардың академиялық адалдық мәдениетін қалыптастырудың мақсаттары мен бағалау көрсеткіштеріанықталады;
– анықталған көрсеткіштер бойынша деректер жиналады;
– жиналған деректерді талданады, мектептің дамуының ағымдағы жағдайы мен тиімділігі бағаланады;
– талдау нәтижесі бойынша стратегиялық мақсаттарға өзгеріс енгізіледі;
– бағалау көрсеткіштері бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі;
– мониторинг нәтижесінде өткізілген іс-шаралардың тиімділігі бағалау көрсеткішіне сай келмесе, түзету жүмыстары жүргізіледі.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Орта білім беру жүйесіндегі мектеп климатын бағалау индикаторларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022.
- Михненко П.А. «Ұйымдастыру теориясы және ұйымдастырушылық мінез-құлық» пәні бойынша Handbook. Мәскеу 2017.
- 3.Шейн Э. Ұйымдастырушылық мәдениет және көшбасшылық; Пер. ағылш. — СПб.: Питер, 2002. — 336 с.
Ускенбаев Мурат Рысбекович,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.