ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі. Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет.

0

 

Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі, қазіргі ахуалы – ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент пен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Сондықтан қазіргі дамыған заманда, жан-жақтама білімді, ізденімпаз, шығармашыл, бір сөзбен айтқанда, жаңашыл мұғалім жаңа мектепке ғана емес, көз-келген мектепке ауадай қажет. Себебі жаңашыл ұстаз – заман талабы. «Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой деп есептеймін. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Киелі әрі өте көне ұлы мамандық. Бірақ «Ұстаздық жолы қиын бұралаң, Істей алмас бұл жұмысты құр адам» деген сөзді естен шығармаған жөн. Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Тараз қаласы, И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші ұстаз – Зулбухарова Рита Енсебековна 25 жылдық ұстаздық жолында қалалық, облыстық әдістемелік семинарларда іс-тәжірибесі таратылып, түрлі жинақтарға енді. «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік ғылыми жоба» байқауларында марапаттарға ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры» атты мектеп оқушылары арасындағы Республикалық пәндік олимпиадаға оқушы дайындағаны үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен, «Ясауитану-2024» Республикалық байқауына шәкірт әзірлегені үшін  Алғыс хатпен, «Ясауитану-2025» Республикалық білім байқауының  облыстық кезеңінде дарынды, үздік оқушыларды анықтауда қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен, Тараз қаласының Құрмет грамотасыменмарапатталды.

2019 жылы  оқушысы Абилова Жансая жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңі (қалалық) құқықтану секциясы бойынша жүлдегері ІІ дәрежелі дипломмен, облыстық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломмен, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жыл сайын республикалық «Тарих ата», «Ақ бота» олимпиадасында оқушылары жүлделі орындарға ие болады, 2024 жылы оқушысы Сарсембаева Мадина «Менің шығын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінде «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациясының жүлдегері ІІІ дәрежелі Дипломымен, 2024 жылы оқушысы Бахадирова Шахсанам 6-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық дәстүрлі «Ясауитану-2024» байқауының қалалық кезеңі І дәрежелі дипломмен, облыстық кезеңі І дәрежелі дипломмен,  «Ясауитану» Республикалық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.2024 жылы оқушысы Болат Ерасыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (қалалық) Қазақстан тарихы пәні бойынша І дәрежелі дипломмен, облыстық олимпиадада «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 2 орын иеленді.

2024 жылы оқушысы Жұмабай Үміт жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (қалалық) құқық негіздері пәні бойынша І дәрежелі дипломмен, 2025 жылы Жұмабай Үміт жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада құқық негіздері пәні бойынша 2 орын иеленді,  2025 жылы 9-сыныптар арасындағы «Жас тарихшы » атты қалалық олимпиададан Сарсембаева Мадина 3 орын, «Жас тарихшы» атты облыстық олимпиадада Сарсембаева Мадина 2 орын  иеленді.

Зулбухарова Рита Енсебековнаның кәсіби дағдылары мен тұлғалық қасиеттері жұмысына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетеді. Ол тәрбиелік құндылықтарды жоғары бағалайтын ұстаз болғандықтан, оқушылар оны ашық, әділ және қамқор адам ретінде сыйлайды.Әріптестерімен де жақсы қарым-қатынаста және жас мамандарға  әрдайым көмек көрсетіп отыратын шығармашыл ұстаз.

 

Раптаева Гульнара Муратбековна,

И.Панфилов атындағы 39 мектеп-гимназиясының директоры.

Тараз қаласы  Жамбыл облысы.

№6 Білім өркениеті журналының PDF нұсқасы
Leave A Reply

Your email address will not be published.