КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ТӘРБИЕСІ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі, заң ғылымдарының магистрі, қылмыстық процесс және криминология саласындағы маман Кошенова Диана Сабитовна қылмыстық процесс және криминология саласында зерттеу ісіне мол еңбек сіңіріп жүрген ұстаз. Оның ғылыми зерттеулері кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің криминологиялық және процессуалдық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу және құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелеріне арналған. Диана Кошенова – қылмыстық құқық және криминология саласындағы жетекші мамандардың бірі, оның ғылыми зерттеулері құқықтық жүйені жетілдіруге, қылмыстылықтың алдын алу шараларын дамытуға және әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпалы зор. Қазіргі уақытта ол докторлық диссертациясын қорғауға дайындық үстінде, бұл оның ғылыми және кәсіби қызметіндегі маңызды кезеңдердің бірі. Диана Сабитовамен сұқбатымызды оқырмандар назарына ұсынамыз.

0

Тілші: — Диана Сабитовна, сіз қоғамда аса көзге көріне бермейтін кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің криминологиялық процессуалдық ерекшеліктері туралы ғылыми жұмысыңызды таңдадыңыз. Бұл тақырып сізге қиын болмады ма?

Д.Сабитовна: — Біле білсек шығыстың ұлы ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға білімнен бұрын тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Олай болса, тәрбие жақсы берілген халықтың жастары білімді болады, әрі уақытты тиімді пайдаланады. Қиын болмады ма деген сауалыңызды түсініп отырмын. Кәмелетке толмағандардың қылмысын көбінде ата-ана болсын, мекеме болсын өз атына кір келтірмеуі үшін жоғары басшылыққа естіртпей жауып тастауға тырысады. Қазақта «Ауыруын жасырған асқындырады» деген мақал бар. Сондықтан балалар қылмысын жасырудың болашағына зияны болады. Мүмкіндігінше алдын алған дұрыс.

Зерттеу жұмысымның тақырыбы қылмыстық процесс, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі, қылмыстың алдын алу және криминология саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Мақалаларым  Scopus және ККСОН базаларында жарияланған және осы мәселелер бойынша халықаралық конференцияларға бірнеше рет қатыстым. Докторантураны 2024 жылы аяқтадым. Қазіргі уақытта докторлық диссертациямды қорғауға дайындалудамын. Оның академиялық қызметі Scopus сияқты халықаралық рецензияланған басылымдардағы жарияланымдарды, халықаралық конференцияларға қатысуды және АҚШ пен Германиядағы ғылыми тағылымдамаларды қамтиды.

Тілші: — АҚШ пен Германияда ғылыми тағылымдамадан өткеніңіз туралы айттыңыз, жалпы шет мемлекеттердегі тәжірибе жинаудан қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз не үйрендіңіз?

Д.Сабитовна: — АҚШ пен Германияда ғылыми тағылымдамадан өту барысында халықаралық қылмыстық құқық, криминология және құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін зерттедім. Бұл бағдарламалар маған халықаралық тәжірибені ұлттық құқықтық жүйеге енгізуге және ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді. Оның жетістіктері мыналарды қамтиды: Scopus және басқа да беделді халықаралық басылымдарға ұсынылған мақалаларымның жарық көруі. Ғылыми мақалаларымның дәйек сөзделуі оның зерттеулерінің маңыздылығын растайды. Жас ғалымдар кеңесіндегі жұмыс тәжірибем және мемлекеттік ғылыми жобаларға қатысуымды қамтиды. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарым мен сұхбаттар, оның ғылымға қосқан үлесін көрсетеді.

Тілші: — Scopus-та жарияланған мақалаларыңыз бар ма, жалпы ол туралы қысқаша айтсаңыз.

Диана Сабитовна: — Scopus — бұл 2004 жылы Elsevier академиялық баспасы құрған рецензияланған ғылыми әдебиеттердің бірыңғай библиографиялық және рефераттық дерекқоры. Scopus-қа енгізілген барлық мерзімді басылымдар контентті іріктеу жөніндегі Консультативтік кеңестің тексеруінен өтеді. ККСОН базасында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша мотивация себептері», «Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау барысында жеке басының ерекшеліктері» тақырыптары бойынша мақалалар жарық көрді. Ғылыми қызметім «Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеудің криминологиялық және процессуалдық аспектілері», «Қылмыстылықтың алдын алуда заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану», «Құқық қолдану практикасын жетілдіру» тақыптары бойынша зерттеу мақалаларым академиялық ортада кеңінен қолданылып, Лондонда және басқа да халықаралық алаңдарда ұсынылған.

Тілші: — Кәмелетке толмағандардың қылмысының алдын алу, болдырмау маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Зерттеу мақалаларыңыз туралы әңгіме өрбіте отырсақ.

Диана Сабитовна: — Жылдар бойы еңбектенудің нәтижесінде Е.Т.Алимкулов, М.Е.Акболатовамен бірлесе отырып «Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау барысында жеке басының ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысымыз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері бойынша жинақ кітапқа енді. Онда  кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа қылмысқа әкеп соқтыратын себептері, ниеттерінің пайда болу мәселесі және кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктері жан-жақты зерттеліп қарастырылған.  Ал, тақырыпты ашу барысында криминология, қылмыстық құқық, педагогика және психология саласындағы ережелерге сүйендік. «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша анықталған мән-жайлар» тақырыбында университеттегі қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Е.Т.Алимкулов, Е.Т.Нурганбетпен бірлескен зерттеу еңбегімізде кәмелетке толмағандардың қылмыстарын зерттеу барысында анықталған мән-жайлар қарастырылады. Е.Т.Алимкуловпен бірлесе жазған ғылыми жұмыстарым «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша мотивация себептері» тақырыбы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларының және оның тиімділігі, криминология, қылмыстық құқық,  қылмыстық атқару құқығы, педагогика және психология саласындағы ережелерге негізделген.

Тілші: — Студенттерге құқық негіздерін, заң талаптарын орындау бойынша ұстаз ретінде не  айтар едіңіз?

Диана Сабитовна: — 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Конвенция деген — арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 8-ші  тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Баланың өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң. Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата-аналар, бағып — қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң  баланы озбырлықтың түрлерінен оның абыройын төмендетуден, ата-ана тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. Қазақстан Республикасында балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата-аналарды ата — аналық құқықтан және баланы бағып — қағуға  беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған.  Балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.

Қазіргі біз тәрбиелейтін бала  – келешек қоғам азаматы, болашағымыз. Оның өмірге деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру, келешекте алдына кездескен сынаққа даяр болуы. Яғни, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай адал ұрпақ тәрбиелеуге ата-анадан бастап, ұстазға дейін атсалысуы тиіс. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан болады» деп Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамыз айтқандай, балаға тәрбие беру – баршамызға міндет екені айдан анық. Баланың бесіктен ата-анасы берген тәрбиесі маңызды болса, оны біліммен қатар ұстаған ұстазға тапсырылған міндет одан да маңыздырақ болмақ.

Ғ.Үсенова

№29 Білім өркениеті журналы PDF нұсқада

Leave A Reply

Your email address will not be published.