ҰБТ-ға дайындық кезінде Қазақстан тарихы пәнінің тиімді әдістері мен стратегиялары

Қазақстан тарихы – ҰБТ-дағы маңызды пәндердің бірі. Бұл пәнде көптеген даталар, тарихи тұлғалар, оқиғалар мен ұғымдарды есте сақтау қажет. Сондықтан дайындық барысында тиімді әдістер мен дұрыс стратегияларды қолдану өте маңызды.

0
  1. Тақырыптарды жүйелі түрде оқу. Алдымен Қазақстан тарихының барлық кезеңдерін ретімен қайталау керек. Ежелгі дәуір, орта ғасырлар, Қазақ хандығы кезеңі, патшалық Ресей кезеңі, кеңестік дәуір және тәуелсіз Қазақстан тарихы сияқты бөлімдерді жүйелеп оқу білімді жақсы меңгеруге көмектеседі.
  2. Хронологиялық кесте жасау. Тарихта даталарды есте сақтау қиын болуы мүмкін. Сондықтан маңызды оқиғаларды хронологиялық кесте түрінде жазып, үнемі қайталап отырған тиімді. Бұл әдіс оқиғалардың ретін шатастырмауға көмектеседі.
  3. Карта және схема пайдалану. Кейбір тарихи оқиғаларды карта арқылы түсіну жеңіл болады. Мысалы, жорықтар, мемлекеттердің аумағы немесе көтерілістер өткен аймақтарды картадан қарап үйрену есте сақтауды жеңілдетеді.
  4. Тест тапсырмаларын тұрақты орындау. ҰБТ форматына үйрену үшін тест тапсырмаларын жиі орындау керек. Тесттер арқылы оқушы өзінің қай тақырыптан қателесетінін анықтап, сол бөлімдерді қайтадан оқиды.
  5. Қысқаша конспект жасау. Әр тақырып бойынша негізгі мәліметтерді қысқаша жазып отырған дұрыс. Мысалы: жыл, тұлға, оқиға, нәтижесі. Қысқаша конспект дайындық кезінде тез қайталауға көмектеседі.
  6. Тарихи тұлғаларды есте сақтау әдісі. Көптеген сұрақтар тарихи тұлғаларға байланысты келеді. Сондықтан әр тұлғаның қызметі, билік еткен уақыты, тарихи рөлі туралы қысқаша мәліметтерді бөлек жазып үйрену пайдалы.
  7. Қайталау және талдау. Аптасына бір рет өткен тақырыптарды толық қайталап, тест нәтижелерін талдау қажет. Бұл білімді бекітіп, қателіктерді азайтады.

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындалу үшін жүйелі оқу, даталарды дұрыс есте сақтау, тестпен жұмыс істеу және тұрақты қайталау қажет. Осындай тиімді әдістерді қолдану оқушының білімін арттырып, жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық барысында оқушылар тек оқулықпен шектелмей, түрлі тиімді тәсілдерді қолданғаны дұрыс. Бұл пәнде көптеген тарихи деректер, даталар мен тұлғалар болғандықтан, ақпаратты дұрыс жүйелеп оқу маңызды.

  1. Ассоциация арқылы есте сақтау. Оқушылар кейбір даталарды немесе тарихи тұлғаларды белгілі бір оқиғамен байланыстырып жаттаса, оларды есте сақтау оңай болады. Мысалы, белгілі бір ханның билік еткен кезеңін сол уақытта болған маңызды оқиғамен байланыстыстыру есте сақтауды жеңілдетеді.
  2. Салыстыру әдісі. Қазақстан тарихында ұқсас оқиғалар мен тұлғалар көп кездеседі. Мысалы, әртүрлі көтерілістердің себептері, барысы және нәтижелерін салыстырып оқу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді. Бұл әдіс тест сұрақтарына дұрыс жауап беруге көмектеседі.
  3. Топтық оқу әдісі. Бірнеше оқушы бірігіп дайындалғанда, бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы білімін тексереді. Бұл тәсіл материалды жақсы меңгеруге және есте сақтауға көмектеседі.
  4. Қателермен жұмыс жасау. Тест орындағаннан кейін қате жауаптарды талдап, сол тақырыптарды қайтадан оқу керек. Қай бөлімде жиі қателесетіні анықталса, сол тақырыпқа көбірек уақыт бөлген жөн.
  5. Көрнекілік әдісін қолдану. Кестелер, диаграммалар, карталар және қысқаша жазбалар тарихи оқиғаларды есте сақтауды жеңілдетеді. Көрнекі материалдар арқылы ақпаратты қабылдау жылдамдығы артады.
  6. Уақытпен тест орындау. ҰБТ кезінде уақыт шектеулі болғандықтан, дайындық барысында тест тапсырмаларын белгілі бір уақыт ішінде орындап үйрену керек. Бұл емтихан кезінде уақытты дұрыс жоспарлауға көмектеседі.

Қорытындылай келе, Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін ассоциация әдісі, салыстыру тәсілі, топтық жұмыс, қателермен жұмыс және көрнекілік құралдарын пайдалану өте маңызды. Осындай әдістерді жүйелі қолданған оқушы білімін терең меңгеріп, ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсете алады.

Дунбаева Фарида Мухамметовна ,

Амангелді атындағы орта мектебінің  тарих-география пәнінің мұғалімі.

Жамбыл облысы  Байзақ ауданы  Көкбастау ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.