Тірек-қимыл аппартында бұзылысы бар балалардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру
Жыл санап ерекше қажеттілігі бар балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарап, жағдай жасауда. Балаларда дұрыс әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру олардың қарым-қатынасының әлдеқайда жағымды болуына көмектесеі. Әлеуметтік дағды-лар біршама күрделі болуы мүмкін.
Тірек- қимылы аппараты бұзылған балалар іс-әрекеті түрлерінің дамуы бірқатар ерекшеліктермен жүзеге асады. Бұл біріншіден, қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, себебі, кез-келген әрекет белсенді әрекеттердің орындалуына, машық-дағдылардың, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуына бағытта-лады. Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады. Балалардағы қимыл-қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшаларды құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады ;
Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар; балалардың басым көпшілігі өздігінен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.
Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше.
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді: баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдау; балаға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік таныту; әрқашан ата-аналар сенімді болып, балаға ішкі жағымсыз қобалжуларды байқатпауға тырысу; үй тұрмысына байланысты жұмыстарды мүмкіндігінше баламен бірге атқару; баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасалуы тиіс; баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында үнемі қолдау таныту, қарым-қатынастың үзілмеуін қадағалау; балаға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу өте маңызды болып табылатынын үнемі ескеріп отыру қажет.
Ондағы мақсат тірек-қимыл аппараты бұзылысын есепке ала отырып, балаларда арнайы түзетукомпенсаторлы және қоғамдық-бейімді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; жасына сай қозғалыс дағдыларына үйрету; тірек- қимыл аппараты бұзылысының алдын алуды қамтамасыз ету; шынайы өмір жағдайларына сәтті тұрмыстық, ойын және қоғамдық бейімделуіне, олардың қоғамға интеграциясына түзетуші физикалық жаттығулар және арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен алғышарттар жасау. Міндеттері: 1) бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдың дұрыс бақылауын қамтамасыз ететін бойын түзеу және тепе-теңдік реакцияларын дамыту; 2) қол функциясын және заттық-манипулятивтті қызметін дамыту; 3) көру- моторлы координациясын дамыту; 4) дұрыс емес қалып пен күйді тежеу және жою; 5) екіншілік ақаулы қозғалыс стереотипінің қалыптасуының алдын алу; 6) омыртқа қисаюын тұрақтандыру; сколиоз корсетінің доғасын кішірейту; 7) бұлшық еттердің күш шыдамдылығын жоғарылату; табан мен сан бұлшық еттерін қатайту; 8) табан бірігулерін қалыптастыру; 2 9) дұрыс және уақытында сүйектенуіне, омыртқа бедерлерінің қалыптасуына әсер ету; 10) тыныс алу бұлшық еттерін қатайту; 11) негізгі гимнастиканың жаттығуларын жасау дағдыларын; негізгі қимылдарды қалыптастыру; 12) сапалы дағдыларды тәрбиелеу: ептілік, жылдамдық, икемділік, күш, шыдамдылық, тепе-теңдік; 13) жеке және қоғамдық гигиенаның алғашқы дағдыларын тәрбиелеу; 14) қозғалыс бағыттары жайлы білімін қалыптастыру; 15) рухани, ерік, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу. 4. Коммуникативті дағдыларының қалыптасуына, балалардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін білдіруге, білім алуға деген қызығушылығы мен құштарлығын дамытуға, балаларға қимыл дағдаларды меңгеруге, енжар-қайталмалыдан белсенді-өзіндік қозғалысқа ауысуын іске асыруға мүмкіндік беру.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы болып табылады.
Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Жарылкасынова Фарида Куандыковна,
Жамбыл облысы білім басқармасының
Тараз қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациясының әлеуметтік педагогі