Оқушылар «Ұлпан» романы бойынша пікірлерімен бөлісті

Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Нарғозы Данаев атындағы №51 орта мектебінің акт залында «Балалар кітапханасы» бағдарлама аясында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу жобасын ұйымдастыру барысында Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын «Мен оқыған бір кітап» атты оқушылар арасында қалалық пікірталас форматында іс-шара өткізілді. Шараның ашылуында сөз алған Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Т.Аяпбергенова қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, шараның мақсат-міндеттерімен таныстырды.

0

Тараз қаласындағы №8, №12 мектеп-гимназиялардан, №32, №44, №11, №51, №20, №53, №16 мектептен келген оқушылар 8 топқа бөлініп, жазушының «Ұлпан» романын өзіне берілген тақырыптар аясында талдап, пікірлерін ортаға салды. «Ұлпанның тұлғасы және оның қоғамдағы орны», «Ұлпан мен әйелдер тағдыры», «Ұлпанның шешімдері мен таңдаулары», «Ұлпанның жан-жақты бейнесі» «Әлеуметтік теңдік және әйелдердің орны» «Шығармадағы символизм» сияқты тақырыптарды тереңірек талқылап, оның әлеуметтік, мәдени, және философиялық мағынасын ашу үшін оқушылар оқығандарын ортаға салды. Шығармадағы басты кейіпкерлердің мінез-құлқына, олардың қоғамдағы орнына және әйелдер тағдырына қатысты өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. 19 ғасырдағы қазақ қыздарының теңсіздігін 21 ғасырмен салыстырып, оқыған кітаптағы оқиғаға бүгінгі уақытпен өз көзқарастарын білдіріп отырды.

«Ұлпан» романы – қазақ әйелінің қоғамдық орнын, оның күресі мен ішкі әлемін, сондай-ақ оның еркіндікке деген ұмтылысын көрсетеді.  Ұлпан – қазақ қоғамындағы дәстүр мен жаңашылдықтың, әйел мен ер адамдардың арасындағы қайшылықтарды бейнелейтін күрделі тұлға. Нақтылап айтқанда «Ұлпан» сол заманғы қазақ халқының тыныс-тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күресі тәрізді құбылыстар терең сипатталады. Оқушылардың өздеріне берілген тақырып аясында тұжырымдап айтқан ойлары мен пікірлері кітап оқиғасын талдауға, шығармаға өз көзқарасын қосуға машықтанып қалғанын аңғартты. «Ұлпан» романынан көрініс көрсетілді. Мектептің өнерлі оқушылары көңілдің ажарын ашатын Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған әндерді нақышымен орындады. Соңынан шығарманы талдауға қатысқан оқушылар білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Екінші бөлім тек қалалық кітапханашылар арасында өріс алды. Мектеп кітапханаларында ұзақ жыл еңбегін сіңіріп, зейнетке шыққан кітапханашылардың иығына қамзол жауып, гүл ұсынып шығарып салу салтанатымен жалғасты. Үшінші бөлім Жамбыл ауданынан қалаға қосылған қаламаңы мектептерінің кітапханашыларымен таныстыру рәсімімен қанат жайды. Соңынан қатысушылар естелікке суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.