Көркем еңбек пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу

Қазіргі заман талабына сай, білімді әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі. Бұл жолда көптеген қиындықтар туындап, оларды еңсеру үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен іс-тәжірибелер қолданылады.

0

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – өзіндік ой-толғамы бар, өмірге бейімделген, рухани бай, шығармашылық қабілеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінде әлем ақпараттық технологиялар дәуіріне қадам басып, интерактивті қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Осыған орай, инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, ізденушілік қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру – басты міндеттердің бірі. Жаңартылған білім мазмұны аясында әрбір мұғалім заманауи оқыту тәсілдерін меңгеріп, оны сабақ барысында тиімді қолдануы қажет. Жаңа әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтудің басты тетігі. Оқушының дербес ойлауын қалыптастыру арқылы оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға болады. Сабақ барысында қолданылған жаңашыл тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, білімге деген қызығушылығын оятады. Бұл мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық қабілетіне тікелей байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді пайдалану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Көркем еңбек пәні – балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеп, шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін маңызды пәндердің бірі. Сабақ барысында төзімділік, ұқыптылық, жауапкершілік секілді қасиеттер қалыптасады. Бұл пәннің басты тірегі – еңбек. Сондықтан жас ұрпақты жастайынан еңбекке баулып, шығармашылық қабілеттерін дамыту – қоғам үшін аса маңызды міндет. Көркем еңбек – өнер мен шығармашылықтың қайнар көзі.

Майшекеева Сандугаш Есенгельдиевна,

Шығанақ орта мектебінің көркем еңбек пән мұғалімі

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы,

Leave A Reply

Your email address will not be published.