Мектеп кітапханаларында кітап оқуды насихаттаудың инновациялық формалары мен әдістері
Заманауи әдіс- тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазақстан Респуликасы "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің міндеттері-жеке адамды қалыптастыру, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану керек"- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір кітапханашының алдына қойған басты міндеті-заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру және меңгеруі қажет. Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған.
Мектеп кітапханаларында кітап оқудың міндеттерін мынадай үш топқа бөліп қарауға болады.
1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары, оқырман туралы мәліметтер алу, оқу мақсаты оқу ынтасының мазмұны, оқу жүйесі, кітапханалық-библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.
2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген қажеттіліктері мен құштарлықтарын қалыптастыру, оқырман бойында күнделікті оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп, жан-жақты дамыту, көркемдік талғамын ұстау т.б
3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық библиографиялық құралдарды, каталогтар мен карточкалары кітап көрмелерін т.б. оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін және тиімді оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету. Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен жұмыс жүргізу арқылы іске асырады. Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді.
Мектеп кітапханасы білім беру мекемесінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі болғандықтан, соған сәйкес балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, кітапханалық-ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ортақ проблемалық сала негізінде мұғалімдермен ынтымақтастыққа негіздейміз.
Проблемалық оқыту технологиясы – кітапханашылардың басшылығымен білім беру мәселелерін шешуде оқушылардың өзіндік ізденіс әрекеттерін ұйымдастыруды көздейді. Қазіргі уақытта өте танымал болып отырған жобалық іс-әрекет әдісін зерттеп, сомен жұмыс жасалуда. Жобалық оқыту жанама болып табылады және мұнда нәтиже ғана емес, сонымен бірге процестің өзі де құнды.
Мектеп кітапханасының жұмысында жобалық іс-әрекетті қолданудың тиімділігі мынада:
1) шығармашылық ойлаудың дамуы жүреді;
2) кітапханашының рөлі сапалы түрде өзгеруде: оның білім мен тәжірибені игеру үдерісіндегі басым рөлі жойылады, ол тек қана емес, сонымен қатар балаға білім алуға көмектесу, оның танымдық іс-әрекетін бағыттау сияқты көп нәрсені үйретуі керек.;
3) зерттеушілік іс-әрекеттің элементтері енгізіледі;
4) тәрбиеленушілердің жеке қасиеттері қалыптасады, олар тек іс-әрекетте дамиды және оларды ауызша меңгеруге болмайды (топтық жобаларда, шағын ұжым «жұмыс істегенде» және оның бірлескен іс-әрекеті барысында бірлескен өнім пайда болады, осыдан ұжымда жұмыс істей білу, жауапкершілікті өз мойнына алу қабілеті дамиды. Таңдау, шешім қабылдау, жауапкершілікті бөлісу, іс-әрекет нәтижелерін талдау, өзін топ мүшесі ретінде сезіну – темпераментін, мінезін, уақытын ортақ істің мүддесіне бағындыру).
5) оқушылар «білім алуға» және олардың логикалық қолданылуына қосылады (тұлғалық қасиеттер қалыптасады – рефлексия және өзін-өзі бағалау қабілеті, таңдау жасай білу және берілген таңдаудың салдарын да, өз іс-әрекетінің нәтижелерін де түсіну).
Ибрагимова Гулзира Қалмаханқызы,
Байзақ ауданы білім бөлімінң әдіскері.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы